Педагогикалық менеджмент лабораториясы
|
23.08.2016 ж.
Коучинг №1 Коуч: Избамбетова Гүлнар Наженқызы, жатақхана меңгерушісі Мақсаты: жатақхана қызметін басқару және басқару жүйесін құрайтын факторлар туралы түсінік беру, оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызмет барысында ұстанатын педагогикалық менеджменттің принциптері, педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары туралы түсінік беру. Алғашқы сұхбат айдарымен берілген келесі сұрақтарға тәрбиешілер қысқа, нақты, тиянақты жауап бере отырып, өз тәжірибелеріне сыни көзқараспен қарауға тырысты: – «Жаңа оқу жылында ұжымымыздың қызметінің алға басуына сіздің қосар үлесіңіз қандай болады деп білесіз? Қандай нәрсеге көңіліңізді басымырақ аударасыз?» |
Сұхбат барысында тәрбиешілердің кәсіби тұрғыдан едәуір ілгері жылжығандықтарын аңғару қиын болған жоқ. Мектебіміздің миссиясының орындалуына өз үлестерін қосу, мектеп құндылықтарын негізге ала отырып, тәрбиеленушілердің қалыпты демалысына жағдайлар туғызып, шығармашылық ізденісін қолдау, көшбасшылық қасиет, үлкеннің кішіге деген қамқорлығын, оқу-танымдық қызығушылығын оята отырып, әлеуметтік ортада өзін-өзі мәдениетті ұстауға тәрбиелеу үшін қаншалықты дайын екендіктерін, біліктілік деңгейлері мен кәсіби қабілеттерін сыни тұрғыдан ой елегінен өткізген тәрбиешілер жаңа оқу жылы қарсаңында алдарына нақты мақсаттар қойып, басымдықтарды белгілей алды.
|
Пед.менеджмент.pptx | |
File Size: | 657 kb |
File Type: | pptx |
Пайдаланылған әдебиеттер:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы.
В. А. Ситаров (Московский гуманитарный университет). Педагогический менеджмент как теория и практика управления образовательным процессом. Научная статья.
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы.
В. А. Ситаров (Московский гуманитарный университет). Педагогический менеджмент как теория и практика управления образовательным процессом. Научная статья.