Қадірлі ата-аналар! Балаларыңыздың мектеп қабырғасындағы өмірінен хабардар болып отыру сіздер үшін маңызды екені белгілі. Түздегі баланың қамын, алдымен, ата-ана ойлайтыны түсінікті ғой. Аз уақыт арасында мектеп жатақханасына биылғы оқу жылында алғаш орналасып, өздерінің екінші үйіндей үйренісіп қалған оқушыларымыздың ата-аналарының тарапынан да жылы лебіздерді жиі естіп жатамыз.
Жалпы, барлық ата-аналарға шексіз ризашылығымызды білдіргіміз келеді: білімге құмар, тәрбиелі балаларыңыз үшін, сіздердің үлкен жауапкершіліктеріңіз үшін!
Қыркүйек айында өткізілген "Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған тәрбие шарасында әр топтың оқушылары ата-аналарымен, тәрбиешілерімен, достарымен бір командада ойнап, сынға түсті. Өздеріңіздің шалғай аудандарда тұрғандарыңызға қарамастан, балаларыңызбен, мектеп ұжымымен бір командада ынтмақтастық таныта отырып, серіктес ретінде қолдау көрсеттіңіздер.
Алдағы уақытта да серіктестігіміз жалғасын таппақ. Екінші тоқсан басында Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларына ұсынылған "Қазақтың 100 әні" жобасы аясында "Алтын күз әуендері" атты кеш өткізу ойымыз бар. Балаларыңызбен, жатақхана ұжымымен бір сахнада өнер көрсетіп, тәрбие шарасына атсалысуға қалай қарайсыздар? Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте қымбат.
Алдын ала рахмет!