«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – ұлы мақсаттарға жетелейтін идея.
Мектеп жатақханасының 7, 10-сынып оқушылары Ұлы жібек жолының үлкен тұрағына айналған қалалардың бірі Сарайшық мұражайына саяхатқа барды.
Бүгінгі күн – ертең тарихқа айналады. Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – біз үшін болашағымызға бағдар болатын, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады» деп атап көрсеткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды.
«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық». Қазақ хандығының 550 жылдығы – халқымыз, еліміз үшін үлкен мәртебе. Тарихымызға көз жүгіртсек, Қазақ хандығының тарихының бай әрі көркем екенін білуге болады. Сол Қазақ хандығы тұсында қазақтың көптеген тарихи маңызы зор қалалары пайда болды. Соның бірі Жайық бойынан бой көтерген, Ұлы жібек жолының үлкен тұрағына айналған қалалардың бірі Сарайшық мұражайына барған Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өлкеміздің тарихи тұлғаларымен танысып, тарих тереңіне тағы бір үңілді. Алтын орда, ноғай және және қазақ хандары билік құрған сырға толы Сарайшыққа саяхатқа барған 7-сынып оқушылары 10-сыныпта оқитын аға-әпкелерімен бірге түсірген шағын бейнебаяндарын басқа да қалалардағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі достарына жолдай отырып, «Туған өлке тарихын зерттеу» акциясына шақырады. Оқушыларымыз келесі эстафетаны Ақтаулық зияткер достарымызға жолдады.