«Мектеп - бала - ата-ана»
Мектеп – бала – ата-ана тығыз байланыста болғанда ғана бала тәрбиесі оң нәтижесін береді. 31 тамыз күні жатақхана оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыс мазмұны осы тақырыпта өрбіді. Әрбір ата-ана ұрпағының амандығын ойлап, болашағынан үлкен үміт күтеді. Ал тәрбие мен тәртіп – бір-бірінен ажырамайтын дүние. Сол себепті күн тәртібіне қойылған мәселелер де осы төңіректе болды:
1. Жатақхана қызметін ұйымдастыру Ережелеріне НЗМ ДББҰ Басқармасының шешімімен 24.07.2015 ж. (хаттама №37) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен таныстыру.
2. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының ішкі тәртіп Ережелерімен таныстыру, сенімді өкілдерінің жауапкершілігі; келісім шартқа отыру.
3. Ата-аналар комитеті мүшелерін және комитет төрағасын (төрайымын) сайлау.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша берілген ақпараттар легімен толықтай келіскен ата-аналар оқушының мектеп өмірімен тығыз байланыста болатындықтарына сендірді. Ата-аналар комитетінің төрайымы және көмекшісі, комитет мүшелері сайланды. Әсіресе жас өрендерге аналық ақыл- кеңестерін беруге қуана келіскен әжелеріміз бен тәрбиешілер қауымымен жұмыла жүріп әкелік қамқорлықтарын көрсетуге ықылас білдірген ата-аналарымыз қатты қуантты.
Биылғы оқу жылында жатақханадан шыққан 32 түлектеріміздің орнына 7-сынып оқитын 33 шәкірт орналасты. Әрине балаларының қамын ойлап ата-аналарының алаңдауы да қалыпты құбылыс. Дегенмен, екі жылдан бері жатақханада жатқан оқушылардың ата-аналарының Назарбаев Зияткерлік мектебіне, оқушы үшін жасалып отырған барлық мүмкіншіліктерге, елбасының саясатына деген ризашылығы мен өз балаларының жетістіктері туралы жүрек жарды пікірлері балалары мектеп табалдырығын жаңа аттап отырған ата-аналар үшін әсерлі болды. Үш бірдей немересін оқытып отырған Әлжанова Жеміс апай алғашқы жылы баласы жатақханаға іліге алмай қалып, келер жылы орын алғанда қатты қуанғанын, жатақханаға орналасқалы немерелерінің сабақ үлгерімі жоғарылап, жан-жақты ашылғанын, жақсы тәрбие мен үлкен жауапкершілікті жолдас етуді үйренгендерін мақтанышпен айтып, мектеп әкімшілігіне, тәрбиешілерге ризашылығын білдірді.
Ия, жаңа оқу жылы жылы лебіздермен басталды. Қорытындысы да қуанышқа толы болғай деп тілейміз. Тәрбие мен білімді ұштастыра жүріп, шәкірттеріміз мәңгілік еліміздің тірегі болар ұрпақ болсын деп тілейміз.