22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні
«Тәрбие басы – тіл». (Махмұд Қашқари).
Тілдер мерекесіне орай оқушылар арасында «Туған тілің – тұғырың!» атты поэзия мен әсем әуен әлемінен сыр шертер көңілді кеш, үздік эссе және «Полиглот» жас зияткерлер сайысы өтті. Жас зияткерлер сайысын қазақ тілі, ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктерінің мұғалімдерімен бірлесе дайындау нәтижесі өз жемісін берді. Үш тілде берілген тапсырмаларды орындау шапшаңдықты талап етті. Және бұл сайыста барлық зияткер шәкірттер тең дәрежеде білімдерін көрсете білді. Әсем әуен әр алуан тілдің өнерін, көңіл шегін шерткен көркем сөз оқушылар талантын ортаға салуға мүмкіндік берді. Эссе жазу тек белгілі бір шара төңірегінде ой толғаныстарын жазудың жолы ғана емес, болашақта кез келген тақырыпта өз ойларын көркем жеткізуге жаттықтыратын орынды шара болды. «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз». (Сенека). Бүгінгі жас зияткерлеріміздің көптілді меңгеру қабілеті әрі қуантады, әрі қызықтырады. Білім, ғылым жолындағы тіл байлықтары молая берсін деп тілейміз. |
|