Қош келдің, зияткер шәкірт!
Оқушылар жиналысы
Жазғы демалыстарын көңілді өткізіп, сағынышпен қауышқан зияткер шәкірттерімізге мектеп жатақханасы құшағын айқара ашты. Биыл жатақхана оқушыларының құрамы ерекше: 7--сынып оқитын 33 оқушы орналасты. Балғын балалалық шақ иелері ортамыздың сәнін кіргізіп, қуанышымызды арттыра түскендей. Жоғары сыныпта оқитын аға-апалары да іні-қарындастарын өздеріне тез баурап алуда. Алдымызға келген шәкірттердің аманшылығы мен тәртібі басты міндетім болып табылады. Сол себепті жатақхана оқушыларының алғашқы жиналысын Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының ішкі тәртіп Ережелерімен, жатақхана қызметін ұйымдастыру Ережелеріне НЗМ ДББҰ Басқармасының шешімімен 24.07.2015 ж. (хаттама №37) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен таныстыруға, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыруға арналды.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап тұрған 7-сынып оқушыларын қошаметпен ортамызға алып, олармен таныса келе, Назарбаев Зияткерлік мектебіне арқалап келген арман-мақсаттарымен таныстық.
Жиналыс соңында жас достарын жоғары сынптағы аға -әпкелері бауырларына алып, өз орталарына қосты.
Жатақхана бөлмелері төрт орынды, сол себепті әр бөлмеге екі жоғарғы сынып, екі төменгі сынып оқушыларын орналастыруды дәстүрге айналдырғанбыз. Шынын айтқанда, балалардың бір-біріне қамқорлығы, оқушыларымыздың үлкен жауапкершілікпен үлкендік көрсетіп, әрдайым іні-сіңілілерінің жанынан табылулары сырттарынан қарап көз қуантады. Екі жыл ішінде оқушыларымыз едәіур есейіп, көп нәрсені айтқызбай түсінетін серіктестерімізге айналып та кетіпті. Сол үшін де алтын шәкірттерімізге ризашылығымыз шексіз. Баршаңыздың да арман-мұраттарыңыз асқақ, жолдарыңыз ақ болсын деп тілейміз!!!