Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ
Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана тәрбиешілері 10 қыркүйек күні оқушыларға арналған үйірмелер жұмысын бастап кетті.
Шәкірттеріміздің бос уақытын тиімді пайдалануын көздеген үйірмелер қызметі зияткер шәкірттеріміздің жан-жақты дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз.
«Сөйлеу мәдениеті (орыс тілінде)», «Жас тілші», «Шебер қолдар», «Актерлік шеберлік» деп аталатын бұл үйірмелерге оқушылардың қызығушылықтары жоғары.
Үйірмелер әр бейсенбі күні және оқушылардың демалыс күндерінде, бос уақыттарында өткізіледі. Олардың тіл өнерін дамыту, рухани дүниесін кеңейту, тілдік дағдыларын дамытуды мақсат тұтқан «Жас тілші» үйірмесіне тіл мамандары – Есенғазиева Жанар Исламқызы, Кумашева Мөлдір, орыс тілін жетік меңгеру, аударма жасай білуге, тілдік дағдыларды меңгеруге үйрететін «Сөз мәдениеті» үйірмесіне Рахымжанова Батима Салауатқызы, оқушыларымыздың бойындағы өнерге құштарлығын дамытып, сахна өнеріне, театр, кино әлеміне саяхат жасау, актерлік шеберлікке үйрету мақсатындағы актерлік шеберлік үйірмесіне Тыныбаева Б.Б, Молдағалиева Ж.Ж, түрлі бұйымдардан тоқыма, жапсыру, гобилен жасап үйрету мақсатында ашылған «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесіне Тынымбаева Г.А., Аманжолова Г,А., Касаева Б.Б., Қуанышкереева Ж.Ж. жетекшілік жасайды. Тәрбиешілер жылдық жоспарларын дайындауда қатысушы оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстарын ескеруді жөн көрді.
Әрбір бала – бір жұлдыз. Тәрбиеші ұстаздар «Бұлақ көрсен, көзін аш» демекші, әр баланың бойындағы дарынын, қабілетін оятып, дамытып, сол баланың жұлдыз болып жарқырауына себепкер болуға ұмтылады.
«Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында» деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, шәкірттеріміздің жан-жақты дамуына, рухани, мәдени тәрбие алуына, олардың ынтымақтаса еңбек етіп, бір-біріне қамқоршылығын мақсат тұтқан үйірме жұмыстары оң нәтижелерге толы болалы деп күтіледі.