Терең ойды өлеңмен өрген шәкірттер
Поэзия кеші
"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім".
М. Мақатаев
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім".
М. Мақатаев
«Талаптыға нұр жауар» тақырыбымен өткен поэзия кешінде ақындыққа жаны құмар шәкірттер ұстаздарымен қатар бір сахнада терең ойларын өлеңмен өрді. Кеш өте қызықты өтті. Балалар бір жағынан бірі-бірін басқа қырынан тани түссе, екіншіден күнделікті тәртіпке шақырған тәрбиеші ұстаздарының шығармашылығымен танысып, олармен етене жақын бауыр баса түскендей болды.
Поэзия! Сен не деген құдіретті едің!
Поэзия! Сен не деген құдіретті едің!
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!
Идаят Нұрсауле, І топ оқушысы Сырға тұнық тарихқа көз жүгіртсем, Күндер аз ба жат көшіне ілескен. Арда туған қайран менің бабам-ай, Сан жылдары өткен талай күрескен. Бертін келе жаудың белін бүктірдік. Тектілік пен ұлылықты ұқтырдық. Ақыр соңы «Тәуелсіз ел» атанып, Ақсап қалған аяқтардан тік тұрдық. Жер жастанып жұртымның бар наласы. Қаза болды қайғы тіккен қарасы. Қияға ұшты ұуаныштан қазағым. Таққа отырып Нұрсұлтандай баласы. Келмес енді қасіреттің кеселі. Іске аспайды дұшпандардың есебі. Даңқын көкке аспандатқан Елбасым. Қазағымның бүгін бағы бес елі. Өр халқымның қалі менен қамы үшін, Үлгі етемін жасап жатқан әр ісін. Абзал атам Байрағымен қоса елдің, Көтермесе құлатпаған намысын. Іс қылмады білектерін тек түріп, Ел басқару үлкен ерлік, ептілік. Кешегі өткен Абылайдың ізі ғой, Тамырына дарып алған тектілік. Ата-баба аманатын ақтаған. Ұлтымыздың салт-дәстүрін сақтаған. Нұр атамдай перзенті бар халықтың, Перзенті боп туғаныма мақтанам. Төгілген жоқ текке оның тер-жасы. Домалайды төрге әлі өр тасы. Жасай берсін қазағыммен мәңгілік, Елі сүйген, елін сүйген Елбасы! Семья Қуанышқалиева Данара, 4-топ оқушысы Семья - это труд, друг о друге забота, Семья - это много домашней работы Семья - это важно! Семья - это сложно! Но счастливо жить одному невозможно! Всегда будьте вместе, любовь берегите. Обиды и ссоры подальше гоните! Хочу, чтоб про нас говорили друзья: Какая хорошая ваша семья!!! |
Өлеңге жан – тәнімен ғашық адам
(Фариза ақынға) Есқали Томирис, 6-топ оқушысы Тәнтімін терең ойлы жырыңызға, Махаббат бар, сағыныш, мұңыңыз да. Деректер сіз туралы іздеу бекер, Өлеңдерде жасырын сырыңыз да. Кездесу арман еді бала күннен, Бассам деп жолыңызды сіздің жүрген Айтсам деп ем алаңсыз сырларымды, Балдаурен – бал шағымды ойнап – күлген. Ұқтым мен оқығанда жаныңызды, Таныдым жан екенсіз ары ізгі. Бүлінген фартук жайлы өлеңіңіз, Ерекше толғандырды бәрімізді. Бала кез – адал көңіл, асыл арман Сиядан қалған дақтан жасымаған. Өр мінез, асау арын, ақын апа Өлеңге жан – тәнімен ғашық адам. Жыр – қарлығаш жүрекке ұя салса, Тебіреніп кетеді екен асылы адам. Арнаған балғын жырды мен қалайша, Көңілдін түкпіріне жасыра алам?! Әке Мұханғалиева Айшабибі 1- топ Әке – асқар тау, Әкем – менің қорғаным. Туғаннан соң аяладың, Мәпеледің, қорғадың, Өмірдің соқпағымен алға басып, Алдымен, адам бол деп қолдадың. Перзентінен жан аямас әкелер, Кеуде бұрмас өмірдің жарасына. Аспандағы айды да алып берер, Сыйлау үшін бақытты баласына. Қайғы мұңсыз, өмір кешіп жатырмыз, Бүгін біз әкелердің арқасында. Әбден лайық бақытты өмір сүруге Әкелер перзентінің ортасында. Ұстаз Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Шәкіртке ерекше оның жақындығы. Әркімнің-ақ қолынан келе бермес, Ұстаз болу- шығар шыңның асылдығы. Тәрбие мен білімді ұштастырып, Бұл мамандық ерекше өзгелерден, Әрбір кез, әрбір сабақ, әр оқушы, Орын алар ұстаздық жүректерден. Әрқашанда үміт ақтап шәкірттері, Бағындырсын талай-талай биіктерді. Осындай ұлы тұлға ұстаздарды, Міндетті қадірлеуге бәрі-бәрі! |
Құдіретті қазақ тілім!
Ренатұлы Арсен, 3-топ оқушысы Қазақ тілі айбарлы, алтын тілім, Тілімменен байланысар салтым, дінім. Құдіретті ұлы қазақ тілі арқылы Мектебіміз береді оқу-білім. Тілім менің әр қазаққа нақыш болар, Қастерлейді тілімді қазір олар. Тілімнің құдіреті мықты болса Қазақ тілі жүзге емес мыңға толар. Фариза апама арнау Сіз адамсыз ақын болған бір халықтың шыңында, Сіздей ақын бұл өмірде жоқ шығар, сірә, шынында. Атыраулық екеніңіз біздің мәңгі есімізде, Туылыпсыз жағадағы Манаштың бір құмында. Фариза әже, қазақ үшін ақындықпен сайрайсыз, Бар алаштың жүрегін сіз жаулайсыз. Асқақтаған белестермен көрінгейсіз ел үшін, Тибеттегі Джомолунгма деген алып таудайсыз. Фариза деп өлеңдер басталады, Фариза деп айтылар асқақ әні. Сіз шығарған ерекше жақұт жырлар, Ең әдемі мұражайда сақталады. Анашым Әнесов Жақсылық, 5-топ оқушысы Күн дидарлы келбеті ашық тұрған, Жақсылыққа бағытын ашып тұрған, Жамандықтан ниеті қашық тұрған, Әрқашан мейірімін шашып тұрған. Құрмет, ізгі ниетке лайық адам, Ешқашан жамандықты ойға алмаған. Адам үшін ең маңызды күннің бірі- Үлкен қадам – туылған күн сыйлаған! Асыл анам, жылы маған келбетің, Сенсіз басып жүре алмаспын жер бетін, Аспандағы күндей болып нұрлана, Әлемді де, бесікті де тербеттің. |