Жатақхана қызметкерлеріне арналған семинар
08.01.2016
Жатақхана қызметкерлеріне арналған семинар
Жыл басында әрбір адамзат атаулы өзінің атқарған ісін, қол жеткізген жетістіктерін саралап, жаңа басымдықтарын биік асқар-мұратымен жалғастырады. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана қызметкерлері де мектебіміздегі алыс аудандардан келіп оқып жатқан балалармен атқарып жатқан жұмысын әрі қарай да тиімді жүргізуді жоспарлап, өз шеберліктерін шыңдай түсу үшін пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Ұжымның психологиялық ахуалын зерттеп, шешімін күткен мәселелерді анықтап, эмоционалдық жігерін арттыра отырып, тәрбие шараларының әдіс-тәсілдерін дамытуға арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметі мен болашағы» тақырыбында өткізілген семинар өз мақсатына жетті.
Әрдайым желідегі барша қызметкерлерінің бүгінін бағалап, ертеңіне бағыт-бағдар беріп, биіктерге жетелейтін Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Басқармасының ұйымдастыруымен жыл аяғында Астана қаласында басымызды біріктіріп, тап осы тақырыпта өткізген ауқымды семинары біздің әріптестеріміз үшін қамшы болып, жігерлендіре түсті. Семинардан алған әсері мен тәжірибе қорын әріптестерімен бөліскенше асықтырды.
Мектеп кітапханасының қызметкерлері мен педагог-психологтары, медициналық қызметкерлер мен жатақхананың кіші қызметкерлері түгел қатысқан бұл шара ұжымдағы ынтымақтастығымызды арттыра түсіп, жаңа ой, инновациялық ізденістерге жетелеп, кәсіби қарым-қатынастың жаңа мәресін орнатты деуге болады. Оқушылармен жүргізілетін тәрбие шараларына қатысты жобалар мен акциялар әріптестедің өз арасында да қызығушылықты тудырды.
"123 оқырмандар акциясы", «Библиосумерки», «READх», «Функционалдық сауаттылықты дамыту», «Перифраз жасау жолдары», «Проблемаларды шешу құзіреттілігі» тақырыптарында тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріміз ұжым қызметкерлерінің өздерінің кәсіби білігі мен құзіреттіліктеріне жаңа қырынан қарауларына әсер етті.
Мектебіміздің девизі: «Барлық оқушы табысты болатын мектеп!» Ендеше оған жауапты мектебіміздің әрбір тұлғасы өз тәжірибесін тиімді пайдалана отырып, өз үлесін қосады деп сенеміз.