«Мәңгілік ел тізгінін ұстаушы зияткер шәкірт тәрбиесі»
Жатақхана тәрбиеленушілерімен жұмыс ұйымдастырудағы басты мақсат – тәрбиеленушілердің қалыпты демалысына жағдайлар туғыза отырып, шығармашылық ізденісін қолдау, көшбасшылық қасиет, үлкеннің кішіге деген қамқорлығы, оқу-танымдық қызығушылығын оята отырып, әлеуметтік ортада өзін-өзі мәдениетті ұстауға тәрбиелеу. Сол себепті өткен оқу жылында атқарылған жұмысты қорытындылай отырып, алдағы уақытта басымдықтарды анықтау, нақты мақсат пен табысты нәтижеге бағытталған жұмыс жоспарын белгілеу – бала тәрбиесімен айналысатын педагогтардың басты міндеті. Сол себепті Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана тәрбиешілері 27 тамыз күні жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында тәрбиешілер кеңесінде 2015-2016 жылына арналған «Мәңгілік ел тізгінін ұстаушы зияткер шәкірт тәрбиесі» тақырыбымен жұмыс жоспарын белгіледі. Жатақхана қызметі үш бағытты қамтиды: ұйымдастыру қызметі, тәрбие үдерісін мониторингтеу және диагностикалауға арналған шаралар, білім беру үдерісіне қолдау көрсету шаралары, ата-аналармен байланыса атқарылатын жұмыстар. Әр бағыт бойынша үйлестіруші тұлғалар белгіленді.
Жеті бағытты белгілейтін тәрбие жұмысы бойынша да тәрбиешілер арасында үйлестірушілер белгіленді. Бөлінген көшбасшылық ынтымақтасқан, шығармашылық пен жаңашылдықты қолдайтын ортаның қалыптасуына оңтайлы жағдай туғызып, үйлесімді дамыған, дені сау, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылған, сыни ойлайтын және проблемаларды шеше алатын азаматтарды тәрбиелеу жолында өз жемісін береді деп сенеміз.