Көркем-эстетикалық тәрбие
18.09.2016 ж.
Музейге саяхат Бүгін Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана тәрбиеленушілері Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі мен Ә.Қастеев атындағы республикалық көркемөнер мұражайының көшпелі көрмесін тамашалау экскурсиясына қатысты. Мұражайды тамашалау үшін экскурсия жүргізушісі: Тоғаева Камшат Молжігітқызы толық мәлімет беріп отырды. Кіріспе бөлімінде музей атауы неліктен Ш.Сариев болып аталды, атау қашан берілді? Соған толығырақ тоқталып өтті. Мұражайдың 8 экспозициялық залы бар екенін, олар: 1. Орталық бөлім 60-70-шы жылдар аралығында салынған туындылар; 2. Ежелгі Маңғыстау өнері; 3. Көне дәуір бейнелеу өнері; 4-5. Графика залы 6. Шаймардан Сариев шығармашылығына арналған бөлім 7. Қазіргі кезең бейнелеу өнері бөлімі 8. Қолөнер бұйымдар бөлімі |
Ә.Қастеев мұражайынан келген туындылар мен әсіресе жергілікті қолөнер бұйымдарын жасау шебері Нұрсұлтан Қалиевтің қолымен теріден, ағаштан жасалған бұйымдарын оқушылар өте қызығушылықпен тамашалады. Сондай-ақ, соңында оқушылар бейнелеу студиясына барып, суретші Даукенов Елеуғалимен жүздесіп, жанды сурет салумен шеберлік сағатын өткізді. Суретші портрет жанрында сурет салумен айналысып, өнерді жүрегі қалайтын 10b сынып оқушысы Жаңбырбай Парасатқа келесі оқушы 9e сынып оқушысы Мұханов Нұрдәулеттің портретін салуды тапсырып, бақылап, бағасын берді. Суретші соңында оқушыларды осы бейнелеу студиясына келіп, сабақ алуға шақырды. Жатақхана тәрбиеленушілері мұражайды тамашалау барысында фотосуретке түсті және де осы саяхатты ұйымдастырған мектеп басшыларына алғыстарын айтты. Тажіғалиева Г.М., жатақхана тәрбиешісі
|