Мектеп құндылықтарын білу - парызымыз
15.09.2015 ж.
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана оқушылары Мектеп құндылықтары туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Мақсаты: Мектеп құндылықтарын жадында сақтап, өзіне және айналадағы адамдарға құрметпен қарайтын, ынтымақтасқан ортада қарым-қатынас орната алатын өзі үшін, өзінің айналасындағы адамдар үшін, қоршаған ортаға, өз еліне деген жауапкершілікпен азаматтық позицияны ұстанатын, адал, шыншыл, өмір бойы білім алып оқуға құштар, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге ынталы, өзі білім алатын зияткерлік Мектеп өмірінің дамуы, мектеп өміріне қатысты ақпараттар, оқу үдерісі жөнінде толықтай хабардар болуға қабілетті тұлғаны дамыту.
оқушылардың етене танысуын ұйымдастыра отырып, 7-сынып оқушыларының мектеп құндылықтары жөнінде терең түсінігін қалыптастыру, 12-сынып оқушыларының іні-қарындастары алдында ағалық жауапкершліктерін сезініп, 7-сынып оқушыларының аға-әпкелеріне арқа сүйеп, жатақхана өміріне тез дағдылануына оң ықпал етулерін ұйымдастыру. |
Күтілетін нәтиже: 7-сынып оқушыларының мектеп құндылықтары жөнінде терең түсінігі қалыптасады;7-сынып оқушыларының мектепті бітіруші аға сынып оқушыларының қамқорлығын сезінеді; 12-сынып оқушылары мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушылар алдындағы үлгі бола білу жауапкершілігін сезінеді; 7, 12-сынып оқушылары арасында ынтымақсатқан қарым-қатынасқа құрылған ортаны қалыптастыра отырып, 7-сынып оқушыларының аға-әпкелеріне арқа сүйеп, жатақхана өміріне тез дағдылануына оң ықпал туындайды; 7, 12-сынып оқушыларының мектеп құндылықтары жөнінде ой-пікірі бір арнаға ұласады.
Өткізілу формасы: 7, 12-сынып оқушылары үшін тренинг және шағын қойылым. Джейн Делузаның «Оқушылардың драмалық қойылым қабілеттерін дамыту» курсы бойынша ынтымақтасқан отаны қалыптастыруға арналған тренингтерін қолдана отырып, оқушыларды 6 топқа бөлу. Оқушылар мектеп құндылықтары туралы көзқарасын, түсінігін шағын қойылымдар арқылы жеткізеді. |
Тренинге қатысқан 7, 12-сыныптардың оқушылары үшін алдымен Джейн Делузоның «Оқушылардың драмалық қойылым қабілеттерін дамыту» курсы бойынша ынтымақтасқан отаны қалыптастыруға арналған тренингтері бойынша танысуға арналған тренингі өткізілді. Әр оқушы өз есімін атап, өзіне ұнаған қимылды үш рет қайталап көрсетеді, сонан соң барлық оқушылар бірге сол қимылды қайталап, оқушының атын бірге айтады.
Бұл тренинг өте қызықты өтті. Әр оқушының қимыл-әрекеті оның қаншалықты ашық немесе тұйықтығын, ұяң немесе еркіндігін, ойын түрінде болғанымен, үлкен жауапкершліктерін білдірді. 12-сынып оқушыларының іні-қарындастарына деген қамқорлығы, жасаған қимылдарын бірге қайталап ғана қоймай, оқушы ойланып қалған жағдайда оларға қолдау көрсетіп, тренингтің көңілді өтуіне атсалысқандықтары қатты қуантты.
Мектеп құндылықтары бойынша алты топқа бөлінгенде оқушылардың өз беттерінше қалаған топта жұмыс істеп, өз ойларын шағын қойылыммен жеткізулері түсіндірілді. Топқа бөліну барысында 12-сынып оқушыларының ер балалары тарапынан үлкен жауапкершілік, белсенділік аңғарылды. Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен араласқан әрбір топ оқушылары: «Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет», «Ынтымақтастық», «Жауапты азаматтық позиция», «Академиялық әділдік», «Өмір бойы оқу», «Ашықтық» деп бағаланатын мектеп құндылықтары туралы өз түсініктерін шағын көрініспен жеткізді.
Құндылықтарымыздың қай-қайсысы да оқушылардың терең ой елегінен өтіп, әдемі жеткізілгені қуантады. Жалпы құндылық туралы өз ойларын оқушылар балалар әдебитінің атасы, ағартушы, ақын-жазушы Ыбырай аталарының туындысымен байланыстыра отырып, әке мен бала диалогы арқылы әдемі жеткізді: «Әкесі мен баласы жолда келе жатқанда, жерде жатқан бір тиынды көрген әкесі оны жерден көтереді. Баласы: - Әке оны не істемекшісін, бір тиынға ештеңе де келмейді ғой, - деп үн қатады. Сонда әкесі: - балам бір тиын болса да оның бір жағында Қазақстанның елтаңбасы бар. Ал елтаңбамыз аяқ асты болмауы керек. Біз өз құндылықтарымызды қадірлей білуіміз керек. Сонда ғана ел боламыз,- деп ойын түйіндеді.
Академиялық шыншылдық туралы оқушылар мектеп өмірімен байланыстыра отырып, өзгенің білгеніне сенім арту дұрыс еместігін, өтіріктің өмірі ысқа екенін дәлелдей отырып, әділдік, шыншылдықты барлық табыстың кілті деп бағалады.
Тәрбие шарасын қорытындылай келе, оқушылар өз пікірлерін білдірді. Түрлі идеяларын ортаға салып, шағын көрініс ретінде жеткізу арқылы көп нәрсені есте сақтауға болатындығын, таза ауада әрі ойнап, көңіл көтеріп, әрі пайдалы дүниелерді меңгергендігін, бір-бірімен етене танысып, ынтымақтаса түскендігін айтты.
Осылайша тәрбие шарасы өз мәресіне жетті. Ендігі кезекте 9, 10, 11-сынып оқушыларына мектеп құндылықтары туралы шағын бейнебаяндар дайнындау тапсырылады. Барлық оқушылар бірге тамашалап, мектеп құндылықтары туралы түсініктерін одан әрі жетілдіріп, оларды өз өмірлерінің құндылықтарына айналдырып, бейнебаян сапасына әділ бағаларын береді деп ойлаймыз.