МЕКТЕП - БАЛА - АТА-АНА - БІРТҰТАС!
06.05.2016
#nisnews #nispress #nisatyrau #nis #kz
Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ мектеп жанындағы жатақхана оқушыларының ата-аналары үшін "МЕКТЕП - БАЛА - АТА-АНА - БІРТҰТАС!" тақырыбында ашық есік күні өтті. Шара мақсаты: жатақханадағы оқушылардың және олардың ата-аналары мен сенімді өкілдерінің мектеп әкімшілігі арасындағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Ашық есік күнінде келушілерге ең әуелі жатақхана іші таныстырылды. Танымдық кампус-турда ата-аналар мектеп жатақханасының материалдық базасымен танысып, өз балаларына жасалған барлық ыңғайлы жағдайға көзі жетті. Кейін ата-аналардың қатысумен тренингтер ұйымдастырылып олар бірнеше топтық аймақтарда жұмыс істеді. Атап айтқанда "Ынтымақтастық", "Табыс" және "Бірлік" сынды аймақтарда ата-аналар бала мен ата-ананың және мектептің өзара біртұтастығын дамыту жөнінде өз пікірлерін білдірсе, кейін, оқушылардың ата-анаға арнаған ақ тілектерімен алғыс тақтасын көріп, мәз мейрам болды. Ашық есік күнін мектеп директоры Айдарбек Төлепұлы қорытындылап, өз баяндамасында жатақхана ата-аналарын баланың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге шақырды.