ЖАТАҚХАНА ОҚУШЫЛАРЫМЕН ҚОШТАСУ (2016)
19-шы мамыр күні мектеп жанындағы жатақхананың бір топ оқушылары үшін ерекше күн болды. Үш жыл бойы мектеп жатақханасында тәлім алып, тәрбиешілерге бауыр басқан 12-ші сыныптың 37 түлегі үшін қош бол айтар сәт жақындады. Алыстан арман қуып, шалғайдан шөлдеп келген бар баланы өз қанатына алған мектеп жатақханасы - бір үлкен отбасы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет қылуды үйреткен шаттық мекені өз шәкірттері үшін тамаша кеш ұйымдастырып ақ дастархан жайды. Алтын ұямен қоштасқалы жатқан аға-әпкелеріне алғыс айтып, оларға ақ жол тілеген ізбасарлар өз өнерлерін көрсетіп, ақжарма тілектерін жаудырды. Жүректерге жылу, жанарларға жас толтырған бұл кеш зияткерлер үшін өзгелерден бөлек. Әдемі ән, әсерлі вальске ұласқан кеш соңы мектеп алаңында армандар тілеген шарларды көкке ұшыруымен аяқталды.