Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана оқушыларының көшбасшысын сайлауы
08.09.2015 ж.
Бүгін, 8 қыркүйекте Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана оқушылары өздерінің көшбасшыларына таңдау жасады. Алты топтан шыққан алты оқушы - оқу үздіктері, достарының мақтанышы боп жүрген: Аниель, Ағжан, Әлішер, Досхан, Сағадат және Дана өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларын қорғады. Оқушылардың алға қойған мақсаттары достарының да, тәрбиеші ұстаздарының да көңілінен шықты. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстың бастамасы жақсы, ендеше нәтижесі де көп күттірмейді деп сенеміз.
Достарының арасынан суырылып шыққан алты оқушы өздерінің сайлау алды бағдарламаларымен таныстырғаннан кейін оқушылар жасырын дауыс беріп, жатақхана тәрбиеленушілері кеңесінің Президенті ретінде 9-сынып оқушысы Бектілеу Әлішерді сайланды. Үміткерлер де Сайлаудан басым дауысқа ие болған Әлішер үшін бірге қуанды.
Көшбасшы атанып, достарының сеніміне ие болған Бектілеу Әлішерді шын жүректен құттықтаймыз! Ендігі жерде оқушыларымыз өздері сенім артқан көшбасшымызға қолдау көрсетіп, "Екінші үйіміз" атанған мектептегі оқушылар үйі жас зияткер балалардың білім мен ғылымға жол ашқан өнегелі тәрбие мекені болуына бірауыздан атсалысады деп білеміз.