ОҚУШЫЛАР ЖАН ЖЫЛУЫН СЫЙЛАДЫ...
#nisnews #nispress #nisatyrau #atyrau #NIS
Бүгін Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ бір топ оқушылары С. Қазыбаев атындағы облыстық балалар үйінде болды. Әке мен ананың жылуын аңсаған ботақандарға зияткерлер концерттік бағдарламасын әзірлеп, естелік сыйлықтарды табыстады.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға,-
деп Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай, адамға үміт отын жандыратын арман болуы тиіс. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деп те бекер айтылмаған. Бейкүнә сәбилер зияткер аға-апаларының қолдауымен арманындағы болашақтарын көз алдарына елестетті. Өздері қалаған көліктері мен үйлерін, оқу орындары мен болашақ мамандықтарын түрлі-түсті қағаз бетіне бейнеледі және сол армандарына жететіндіктеріне сеніммен қарайды. Себебі арман болашаққа жетелейді.