Біз Елбасымен мақтанамыз!
29 қыркүйек 2015
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйледі.
- 2015 жылдың 15- 29 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтті;
- БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында 144 мемлекет басшысы мен 9 мың дипломат қатысты;

Талқыланған негізгі тақырыптар:
- Сирия кризисі;
- Терроризмнің таралуы және әлемдік жанжалдарды шешудегі БҰҰ-ның ролі
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1945 жылы құрылған. Бүгінгі таңда 193 мемлекет осы ұйымның мүшесі болып табылады.
Мақсаты: Әлемнің кез келген өңірінде соғыс қаупінің алдын алу және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады.
Елбасы ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды. Сол үшін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды.
Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау жөнінде бастама жасалды.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық құқық қағидаттарын жаһандық саясаттың барлық қатысушылары сақтауы маңызды екенін атап көрсетті және 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру идеясын жариялады.
Соңында Қазақстан Президенті терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, жасыл технологияларды дамыту, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелеріне тоқталды.
Н.Назарбаев БҰҰ БА 70-ші сессиясына қатысушыларды Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдауға шақырды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан Еуразия өңіріндегі қақтығысушы тараптарды бітістіру үшін араағайындық жасауға күш салып келеді және күш сала беретіндігін баса айтты.
08.10.2015 ж.Жатақхана оқушылары Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзін талқылады.
Мақсаты: Оқушылардың Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушының бойында патриотизм, азаматтық, төзімділік, рухани өнегелілік, шымыр да белсенділікті қалыптастыру. гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және поли мәдениетті, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Жақсы мен жаманды ажыратып, қоғамға тигізер пайдаларын ұғынатын, ел тарихы мен мәдениетін білетін, елдің саяси өмірі жайлы түсінігі бар тұлға қалыптасады.
Оқушылар топтарға бөлініп, келесі сұрақтар бойынша өз ойларын қорғады:
1.Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді жүзеге асырылуын қалай елестетесіздер?
2.«Жасыл технологияларды» дамыту жөніндегі пікірлеріңіз қандай?
3.БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелеріне көзқарасыңыз қандай?
4.ХХІ ғасырдағы мәдениеттер мен пікірлерге деген толеранттылық пен қолдау және оларды ұлғайту туралы пікірлеріңіз?
5.Терроризм мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі пікірлеріңіз?
6.Әлемдік кеңістіктегі Қазақстанның оң имиджін қалыптастырушы ең қарапайым 10 идеяңызды ұсыныңыздар