«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары
15.01.16ж. жатақхана оқушыларымен «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін, тәуелсіз мемлекетіміз әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел екенін, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын оқушыларға түсіндіре отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары тақырыбында библиосумерки жобасы бойынша шара өткізілді.
Мақсаты: «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін, тәуелсіз мемлекетіміз әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел екенін, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын оқушыларға түсіндіре отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Білімді, дені сау, елін, жерін сүйетін, жауапты да, жігерлі, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін бойына сіңірген ұрпақ. |
|
1 аймақ
Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.
Музыкалық бұрыш ( әр-түрлі аспаптарда өнер көрсетіп, ән айтып,өлең оқу)
Бұл аймақта оқушылар, мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы екендігін айта келіп, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін, Тәуелсіздік туын биік ұстау біздің басты міндетіміз «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда деп, болашаққа үлкен сеніммен қарайтындарын айта келе, ақын Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған «Көк тудың желбірегені» әнін 4 топ тәрбиеленушісі Әлібектің орындауында - сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентетін, рухты оятатын нағыз патриоттық ән болды. Иманғали мен Аягөз қазақтың қара домбырасында орындаған күйлері көрермендерді тәнті етті.
2 аймақ
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Графология.
Графология аймағында оқушылар үлкен қызығушылық таныта отырып, әр тілде жазылған «Ынтымақтастық» сөзін қай тілде жазылғанын анықтап, сол елдің туына сәйкестендіру. Топ оқушыларының топпен жұмыс жасау кезіндегі ынтымақтастығы, бірлігі, үлкен жауапкершілігі байқалды.
3 аймақ
Зайырлы қоғам және жоғары руханият;индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
«Кітапты тап!» әдісі бойынша.
Ал, бұл аймақта оқушыларымыздың кітап оқуға деген қызығушылығы өте жоғары екенін, жасырылған кітаптарды табуда елгезектік, тапқырлық танытты.Оқушылар белсенділік танытты.
4 аймақ
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Викториналық сұрақтар
«Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деді. Н. Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өткендігіне оқушылар назарын аудара отырып, оқушыларымыз викториналық сұрақтаға жауап берді.
5 аймақ
Жалпыға Ортақ Еңбек орталығы.
Қолдан жасалған бұйымдарды дайындау.
Соңғы аймағымызда оқушыларымыз өз қол өнерлерін ортаға салды. Әр түрлі қуыршақтар, гүлдер, түрлі түсті ленталардан гүл дестелерін жасады. Аз уақыттың ішінде тәрбиешілер Г.А Аманжолова мен Ж.И Есенгазиевалар әр түрлі матариалдармен әдемі бұйымдар жасаудың қыр-сырларын көрсете білді.
Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейтіндігін айта келе шарамызды қортындыладық. Оқушыларымыздың ойынша ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын осындай шаралар жиі өткізіліп отырса екен деген ұсыныс білдірді.