Отбасы мүшелерінің күні
Ата-әжелер күні
Өсиет-өнеге сағаты
23.09.2016 ж.
Бүгін, 23 қыркүйек күні Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақханада "Отбасы мүшелерінің күні" жобасы аясында "Ата-әжелер күні" тақырыбымен барша оқушылардың көңілінен шыққан керемет өсиет-өнеге сағаты өткізілді. Мектеп директоры Айтпукешев Айдарбек Төлепұлының ұсынысымен, ата-аналар қолдауымен жүзеге асырылған жобаның мақсаты ата-ана - мектеп - оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жас зияткер шәкірттердің бойында үлкенге құрмет сезімін арттырып, отбасы құндылықтарын қадірлей білуге тәрбиелеу, ата-әжелерінің өмір жолын өнеге тұтып, өсиеттерін бағалай білуге үйрету болатын.
Кеш барысында ата-әжелерінің өсиетін тыңдап, өмір жолдарындағы өнегесіне куә болған балалар бір сәт өздерінің ата-әжелеріне, ата-аналарына деген мауқын басып, көңілдерінің жайланғанын білдірді. Ата-әжелерінің әңгімелерінен алған әсерлерімен бөлісті.
Ал немерелері ардақ ата-әжелеріне деген риясыз ыстық ықластыран ақ жүректерінен шыққан өлең жолдарымен жеткізді.
Бүгін, 23 қыркүйек күні Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақханада "Отбасы мүшелерінің күні" жобасы аясында "Ата-әжелер күні" тақырыбымен барша оқушылардың көңілінен шыққан керемет өсиет-өнеге сағаты өткізілді. Мектеп директоры Айтпукешев Айдарбек Төлепұлының ұсынысымен, ата-аналар қолдауымен жүзеге асырылған жобаның мақсаты ата-ана - мектеп - оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жас зияткер шәкірттердің бойында үлкенге құрмет сезімін арттырып, отбасы құндылықтарын қадірлей білуге тәрбиелеу, ата-әжелерінің өмір жолын өнеге тұтып, өсиеттерін бағалай білуге үйрету болатын.
Кеш барысында ата-әжелерінің өсиетін тыңдап, өмір жолдарындағы өнегесіне куә болған балалар бір сәт өздерінің ата-әжелеріне, ата-аналарына деген мауқын басып, көңілдерінің жайланғанын білдірді. Ата-әжелерінің әңгімелерінен алған әсерлерімен бөлісті.
Ал немерелері ардақ ата-әжелеріне деген риясыз ыстық ықластыран ақ жүректерінен шыққан өлең жолдарымен жеткізді.
Абыз ата, асыл әжелерімізбен таныс болыңыздар!
8 "А" сынып оқушысы Жеңісова Дильяраның атасы мен әжесі Қанатбаев Жеңіс Ержанұлы мен Даулетова Маржан 2015 жылы Республикалық "Мерейлі отбасы" жобасына қатысып, лауреат атанған.
Қанатбаев Жеңіс Ержанұлы Доссор кентінде дүниеге келген. Туған жылы 1944.05.27. Білімі: жоғары. Еңбек өтілі: 50 жылға жуық жұмыс жасаған. Жетістігі: Құрмет орденінің иегері, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалінің иегері. Еңбек ардагері. Даулетова Маржан Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде 7 қазан күні 1944 жылы дүниеге келген. Білімі орта. Ал, еңбек өтілі 50 жылға жуық «Доссормұнаймаш» автокөлік жөндеу зауытында жұмыс істеген. Жетістіктері: «Аружан» мейрамханасының атынан облыстық жарысқа қатысып 3-орынды иеленген. «Үздік есепші» атағымен марапатталған. «Күміс алқалы» ана атағының иегері. Жеңіс атамыз бен Маржан әжеміз 6 бала,13 немере,1 шөбере сүйген бақытты шаңырақтың қазынасы, Біржарым жасында әкеден жетім қалып, өмірдің талай өткелдерінен өткен Жеңіс атамыз өмірлік жары Маржанмен бас қосқаннан кейін әскерге шақырылып, үш жылдан кейін оралады. Келген шаңырағына тәрбиелі келін бола білген Маржан анамыз енесінен үйренгенім, алған өмірлік сабағым бар өмірімнің ұстанымына айналды дей келе, тату-тәтті отбасының құндылықтарын балаларға өсиет етті. |
7 "С" сынып оқушысы Молдабекова Шұғыланың әжесі Шеруенова Шолпан Шеруенқызы 1976 жылдан ҚазССР-нің үздік мұғалімі атағын иеленген ұлағатты ұстаз. Алтын алқа иегері.
Шеруенова Шолпан Шеруенқызы 1936 жылы Жылыой ауданында, Ембі селолық-округінде Ықсан деген кісінің отбасында, егіздің сыңары болып дүниеге келген. Құлсары қаласындағы Абай мектебін 1955 жылы бітірген. Қызылорда қаласындағы Маншүк Маметова атындағы қыздар училищесінде оқыған. 1957жылдан бастап 30 жыл бойы №9 Макаренко мектебінде бастауыш сынып мұғалім болып жасаған. Әженің 7 баласы, 20 немересі, 16 шөбересі бар. Әжейдің кенже баласының қызы, яғни немересі 7 С сынып оқушысы Молдабекова Шұғыла биыл Назарбаев Зияткерлік мектебінің "Өркен" білім беру грантына қол жеткізгенін естігенде, асыл әже немересі үшін қаншалықты қуанғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес дейді. Қазір әжей бала-шағасының арасында бақытты өмір кешіп жатыр. "Сонау қиын заманда тамақтың тоқтығын, көйлектің көктігін аңсап, қиялмен де алысқа самғай бермейтін біздің заманымызбен сіздердің бүгінгі күндеріңді салыстыруға болмайды. "Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күн" деп осыны айтар. Елбасы мектебі, осында өздеріңдей балалардың білім алып жатқаны, осындай зәулім ғимарат пен керемет жатын орындарының берілуі - сіздерге тартқан өмірдің сыйы. Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізіп отырған бақытты сәттеріңді бағалай біліңдер, еліміздің даңқын асырушы ұл-қыз болуды нәсіп етсін сіздерге",- деп түйді өз сөзін абзал ана. |
7-сынып оқушысы Абужайт Асхаттың атасы Сисенғалиев Абужайт.
Немересі ең алғаш Елбасы мектебіне қабылданғанда мектеп директоры Айдарбек Төлепұлымен болған сұхбатын есіне ала отырып, алыс ауданнан келіп оқып жатқан балалар үшін тамаша тәрбие мектебі болатын үздік жобаны ұсынып, немерелерінің бақытты шағына куәгер бола отырып, оларға тәрбие беруде ата-әжелерінің өсеит-өнегесін үлгі етуді жолға қойған мектеп басшысына және балаларына анасындай қарап, мейірін төгіп отырған барша жатақхана ұжымына ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. |
7 "А" сынып оқушысы Сайлауова Жансаяның әжесі Кидарова Леля «Алтын алқа» иегері.
Кидарова Леля 1948 жылы 18 шілдеде Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосында дүниеге келген. 5 баланы дүниеге әкелген. 5 немере, 7 жиен сүйіп отырған асыл әже. 42 жыл еңбек өтілі бар. Ганюшкин селосында мектеп-интернатта 38 жыл тәрбиеші қызметін атқарған. Сайлауова Жансая - тұңғыш немересі. Леля әже өзінің қолдан тоқыған бұйымдарын ала келіпті. Қыз баланың жан-жақты, шебер болғаны дұрыс деп білген анамыз сәті түскенде балалардың ортасына келіп, өзінің қолөнер шеберлігімен бөлісуге дайын екенін айтып қуантты. |
7-сынып оқушысы Қапидолла Балбөбектің әжесі Хасанова Мариям мен нағашы әжесі Асангалиева Райса Алдабергенқызы бірге келді. Бір қызығы Мариям анамыздың екі бірдей немересі, яғни Балбөбекпен қатар Қапидолла Дидарға да "Өркен" грантының иегері болу бақыты бұйырыпты.
Хасанова Мариям 1938 жылы 8 наурызда Исатай ауданы, Жанбай селосында өмірге келген. 9 баланы өмірге әкелген, «Алтын алқа» иегері. Одан 21 немере, 3 шөбере сүйіп отырған асыл әже. 15 жыл медбике қызметін атқарған. Балаларына үлгі тәрбие берген, өнегелі отбасы болуына ұйытқы болған. Қазір үлкен әулеттің сыйлы, ақ жаулықты анасы. Асангалиева Райса1948 жылы 25 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Еңбек өтілі: кадр бөлімінде 15 жыл, тәрбиеші қызметінде 10 жыл қызмет атқарған. 8 баланы өмірге әкелген, «Алтын алқа» иегері. Одан 13 немере, 19 жиен сүйіп отырған асыл әже. Жиендері: Ғарифоллаева Нұрайна 11-сынып, Қапидолла Балбөбек 7-сынып, Сакидоллаев Нұрқанат 7-сынып оқушылары. Бақытты әже өздеріндей қарапайым ғана, көпбалалы отбасының білімді мақсат тұтқан ұрпағына Елбасы мектебінде білім алу мүмкіндігінің берілгені әуелі Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының халыққа, өскелең ұрпаққа жасап отырған өнегелі саясаты және ұрпағымның осындай бақытты шағына куә болуды жазған тағдырымның тартуы деп сөзін түйіндей келе, ендігі жерде ұрпақтарының ел мерейі үшін адал еңбек етер білімді тұлға болуына тілектестігін білдірді. |
8 "G" сынып оқушысы Қабдиева Гүлназымның әжесі Бисен Қарлығаш Бисенқызы. Мектеп өміріндегі барлық тәрбие шараларына үзбей қатысып жүрген жанашыр ата-анамыз.
Бисен Қарлығаш Бисенқызы 1951 жылы 10 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. Целиноград қаласында финансист болып қызмет атқарған. «Целиноградский Финансовый Экономический» техникум оқуын бітіріп, 1986 жылдан 2000 жылға дейін есеп бөлімінің бухгалтері болып жұмыс жасаған. Екі баланың анасы. Одан 9 немере сүйіп отыр. Қабдиева Гүлназым тұңғыш немересі. Тоқу, тігу өнері де бар анамыз да алдағы уақытта жатақханадағы қыз балалардың қолөнер шеберлігін үйренгені өздеріне пайдалы болады, сол себепті әлі де болса балаларыммен жиі кездесіп тұрамын деп ойлаймын деп түйіндеді өз сөзін.. |
Немерелер арнауы
Әжеге арнау
Әже деген ақ жаулықты асыл жан, Махаббаттан жүрегі оның жаралған. Әжім тиген алтын қолды ақ әжем, Өмір бақи сізді ойлаумен мен өтем. Түнгі ұйқыға жатқызғанда әнменен, Тапжылмастан тыңдаушы едім сізді мен. Күнделікті тыңдап жүрген әндерім Кетпейтіндей құлағымның түбінен. Әжелерім ардақты да аяулы Тілеуімді тілеуменен баяғы. Келесіздер әлі күнге шаршамай, Мен үшін деп жақсылықтың барлығы. Қапидолла Балбөбек
Әжеме арнау
Әже деген өмірімнің бағы ғой, Түн ұйқысын төрт бөліп, маған әуен шертетін. Әже деген асыл тастай жарқын ғой, Маған білім, өнер-білім үйрететін. Әжем менің Шолпан атты, шуағым. Күн нұрындай мейірімді шаңырағым. Осындай әжемнің болғанына, Мен бүгін бар халыққа мақтанамын. Алғысымды білдіремін мен сізге, Келіп тұрсыз мерекеге сіз бізге. Мерекемен құттықтаймын баршаңды Ата-әжелер күніменен, бас ие! Молдабекова Шұғыла
|
Ата мен әже
Аяулы, ардақты атам менің, «Бақытты бол, ер жет деп», – деп бата бердің. Еңбек етіп, еліңе құрметті боп, Әрдайым ортамызда жүре бергін. Әжем менің асыл жан, Жақсылыққа үйретіп, Жамандықтан шектейді. Әжеме ешкім жетпейді! Жеңісова Диляра
Әже
«Әже» деген ардақты сөз, ұлы есім, Бір естісең алаулайды жүрегіңде от сезім. Тәрбиенің көзі болдың мен үшін, Ұмытылмас бір өзіңмен шаттық толы бал кезім . Менің әжем мені әрқашан аялаған, Бар керекті нәрсемді аямаған. Тәрбиелеп сан мыңдаған шәкіртті, Ең қадірлі ұстаз деп танылған. Әжем менің мейірімді, адал жан, Қиын шақта көмектесер ол маған. Шын жүректен алғыс айтам баршаңызғ, Тілеймін ұзақ ғұмыр жасыңызға! Сайлауова Жансая
|