Мектеп - бала - ата-ана - біртұтас!
Ата-аналар жиналысы
31.08.2016 ж.
Ата-аналар жиналысы №1 Мектеп жанындағы жатақхана оқушыларының алғашқы ата-аналар жиналысы мектеп басшысының құттықтауымен басталды. Жаңа оқу жылында биік мақсаттарды белгілеп, табысты оқушы моделін құруда мектеп – бала – ата-ана болып бірлесе жұмыстануға шақырған мектеп директоры Айтпукешев Айдарбек Төлепұлы Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының ережелеріне енген өзгерістер мен тәртіп ережелеріне тоқталды. Сонымен қатар жаңа оқу жылында жоспарланып отырған «Ауылдан базарлық», «Бір бөлменің тұрғындары», «Ата-аналар күні» сияқты жаңа жобалардың іске асырылу жолдары туралы баяндалды. 7-сыныпқа жаңадан қабылданып, мектеп табалдырығын жаңа аттап отырған орта буын |
шәкірттерімізге сәттілік тілеп, ата-аналарының көп алаңдамай, балаларының жаңа мектеп өміріне қалыптасу кезеңінде оларға бірлесе қолдау көрсетулері сұралды. Сонымен қатар өткен оқу жылында ата-аналармен бірлесе атқарылған тәрбие шаралары, жатақхана өмірінің оқушылар үшін қолайлылығын анықтауға арналаған зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер беріліп, жаңа оқу жылына ата-аналар комитетінің мүшелері тағайындалды. Бір қуантары – мүшелікке ата-аналардың өз ұсыныстарымен сайлануы болды. Бұл ата-аналармен жұмыстың дұрыс жолға қойылғандығы деп білеміз және қолдау көрсетіп, ынтымақтастыққа бастаған ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз. |