Асқақ арман сыйлаған Арт-фестиваль
2013
жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің
оқушылары арасында өнердің 5 бағыты бойынша І желілік арт-фестиваль болып өтті.
Бұл шараға Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова арнайы келді, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр қатысып, республиканың түкпір-түкпірінен келген зияткерлік мектептің оқушыларына табыс тіледі.
І желілік арт-фестиваль республиканың түрлі аймақтары және облыс орталықтарындағы 15 Назарбаев зияткерлік мектебінің 600-ге жуық оқушысын және 103 мұғалімін біріктірді. Іс-шараның мақсаты - оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың бойында құндылық бағдар қалыптастырып, тұлғаның Отансүйгіштік және әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерін арттыру, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру болды.
Арт-фестиваль аясында оқушылар өнердің 5 бағыты бойынша бақ сынасты. Олар: «Мюзикл жанрындағы қойылым», «Үздік әлеуметтік ролик», «Үздік көркем сурет және графика», «Үздік арт-фото» және «Үздік қолөнер» бағыттары.
«Мюзикл жанрындағы қойылым» — музыка, вокал, хореография, актерлік шеберлік негізінде оқушылардың шығармашылығын танытуға, «Үздік әлеуметтік ролик» «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы негізіндегі әлеуметтік маңызы жоғары идеяларды тарату, «Үздік көркем сурет және графика» бағыты «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасындағы кітаптарды оқып, оны көркем сурет және кескіндеме арқылы суреттеуге бағытталған.
Сонымен бірге «Үздік арт-фото» бағыты Зияткерлік мектеп өмірін, «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясын, «Ата-ана жұмысындағы 10 күн», «Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік тәжірибелерін танытуға, «Үздік қолөнер» оқушылардың ағаштан, жүннен, киізден, теріден, сүйектен, қыштан жасаған жұмыстарын насихаттауға арналған.

І желілік арт-фестивальге қатысушылар «Елбасы жолы» фильмін тамашалап, EXPO Party интеллектуалды жарыстарын, «Достарыма тосын сый» танысу кешін өткізді.
Ал арт-фестивальдің ең басты жаңалығы – Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған зияткерлік мектеп оқушылары арасындағы «Зияткер балы» болды. Аталған шара облыстық көрме орталығында өткізілді. Бес күнге жалғасқан арт-фестиваль қатысушыларға жаңа үміт, биікке самғар қанат, асқақ арман, үлкен сенім сыйлады. Осы шараға қатысқан оқушыларымыздың 80 пайызы мектебіміздің жатақхана тәрбиеленушілері. Өнердің қай саласына да құрметпен қараған шәкірттер өз болашағынан үлкен үміт күттіреді. Түзде жүріп, туған балаңдай жаныңды түсініп, жауапкершілікті сезіне білген шәкірттеріміз бүгінде сенім артар азамат ретінде бір табан жақындай түскендей. Сол себепті мағыналы шараны өз мәресені жеткізе ұйымдастыра білген ДББҰ қызметкерлеріне, соның ішінде ДББҰ аға менеджері Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызына, Шымкент қаласының Зияткерлік мектептерінің басшыларына, әкімшілігіне, ұйымдастырушыларына, шәкірттеріміз бен олардың ата-аналарына ерекше ілтипатымызды білдіргіміз келеді. Себебі «тал түбіне құйған су – зая кетпес», әлі-ақ осы шәкірттеріміздің қасиетті халқымыздың игілігі үшін тер төгіп, дара тұлға боларына сенеміз. |