«Алғашқы күннің қызықтары»
03.09.2016 ж.
Бүгін жатақхана оқушыларының ынтымақтастығын нығайту, жаңадан келген оқушылардың жаңа ортаға қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында «Алғашқы күннің қызықтары» деген тақырыппен тәрбие шарасы өтті. Шараны ұйымдастыруға ниет білдіріп, атсалысқан оқушыларымыз: Айымгуль, Ернар, Әлішер, Доспан, Жазира, Сағадат, Досхан, Айымгүл, Дана, Айым, Ақжан, Азиза, Әлихан, Арсен, Лаура – барлығы үлкен жауапкершілікпен өздерінің көшбасшылық қасиеттерін таныта білді. Алдымен 7-сынып оқушыларын өз ортасына ыстық ықласпен қабылдаған бір шаңырақтың балалары осы уақытқа дейінгі қызықтарымен бөлісіп, балаларға деген жақсы тілектерін білдіріп, олардың жаңа ортаға дағдылану кезеңінің жеңіл өтуіне ықпал етерліктей әсерлі әңгімелерін ортаға салды. Осыдан кейін оқушылар 5 аймаққа бөлініп, қызықты тренингтерге араласып кетті. Мектептің телестудиясына орналасқан «Бейне-күнделік/Видео-дневник» алаңында оқушылар жазғы демалыс қызықтарымен бөлісіп, Елбасы мектебінен алған алғашқы әсерлерімен бөлісті. «Менің ережелерім/ Мои правила» алаңында оқушылардың барлығы өз ережелерін ұсынды. Осы ұсыныстарының қорытындысы бойынша «Менің 5 ережем/Мои пять правила» деп белгілеген оқушылардың жатақхана ішіндегі ережесі жасақталады. Балалардың таңдауына кедергі келтірмеуді ойладық. Күнделікті көз алдарында тұрған ережелерін олар қаншалықты орындайды, кемшілігі болса, өздері қалай түзетеді – оның бәрін оқушылардың құзырына қалдыруды шештік. Келесі аймақ «Иесі жоқ хаттар/Анонимные записки» деп атлалды. ұл жерде оқушылар өз аттарын көрсетпестен ойларындағы күдіктері мен ойландыратын мәселелері туралы жазып қорапқа салды. Бұл аймаққа жауапты балалар жиналған деректер бойынша диаграмма дайындап, нәтижесін ортаға салып, жатақхана меңгерушісінің, мектеп психологының, тәрбиешілердің көмегімен достарына деген мотивациялық пікірлерін ұсынбақ. «Уақыт капсуласы/Капсула времени» деп аталған келесі аймақта оқушылар жыл соңында қандай жетістікке жетемін деп |
көздейтіндіктерін стикерлерге жазып, «уақыт капсуласы» деп атаған ыдысқа жинады.
Жыл соңында барлық жазбалар оқылып, қаншалықты көздеген нәтижеге жете алғандығымз және жету үшін мақсаттарды қаншалықты дұрыс қоя білгендігіміз туралы ой бөлісеміз деп келістік. Бір қызығы, бұл шара оқушылардың тиянақты ойлануларына әкелді. Жаза салу оңай еместігін түсінді. «Сіз өзіңіз де неге жазбадыңыз?» деген шәкірт сөзі бізді де қалыс қалдырмады. Олармен бірге біз де күтетін нәтижемізді белгіледік. Бұл қызықты болды. «Кім болғым келеді/Кем стану» айдарымен жұмыс жүргізген оқушылар алдымен түрлі мамандық иелерінің суреттерін көрсетіп, олар туралы, олардың мамандықтары туралы не білетіндіктерін ортаға салуды сұрады. Соңында әр оқушы өздерінің сүйген мамандықтары туралы жазды. Алдағы уақытта да қалаған мамандықтары туралы қайта сұрап, балалар таңдауының қаншалықты өзгеріп отыратындығын бақылауды ойға алған көшбасшы шәкірттеріміз бұл шара мамандық таңдау барысында ойлану, толғану, іздену, шешім қабылдау үшін үлкен көмек болады деп шешті. |