«Қазақтың 100 әні»
«Алтын күз әуендері»
Қазақтың 100 әні жобасы аясында бүгін, Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ - "АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараға мектеп жанындағы жатахана тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары қатысып, ән мен биден шашу шаты. Қатысушылар қазақтың жүз әніне енген үздік туындыларды шырқап, қолөнердегі шеберлігін шыңдады. Ол аз болса "100 кітап" жобасына енген шығармалардың кейіпкерлерін сомдаған ата-аналар мен тәлімгерлер, көзі қырақты көрерменге ерекше күй сыйлап, қошеметке ие болды. Ал кеш соңы қазақ вальсінің королі, ән өнерінің көрнекті тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың туындаларына арналған вальспен аяқталды.
Мерекелік кешті жүргізіушілер: Мұханғалиева Айшабибі,10 «С» сынып оқушысы және Айшабибінің анасы Ғабдиева Гүлсім Қайроллақызы болды. Ата-аналар барынша оқушыларға қолдау көрсетіп, кешіміздің мағыналы, қызықты өтуіне атсалысты. Сахна шымылдығы күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйімен Қырықбай Сәбиттің әкесі Қартабай Мақсот Қырықбайұлы ашты. Балаларымен бір сахнада күмбірлетіп күй ойнап, қобыз үнін тамылжытқан, балаларымен бірлесе орындаған қолөнерлерімен бөліскен ата-аналарымыздың қуанышында шек жоқ. Қырықбай Сәбиттің әкесі Қартабай Мақсот Қырықбайұлы күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйімен сахна шымылдығын ашқан кезде күй құдіреті көрермендердің рухын асқақтатты. Жастар бойында отансүйгіштік рухты тәрбиелейтін «Қазақтай ел қайда?» әнін 7 «D» сынып оқушысы Жұлдызбаева Алтынгүл және тәрбиешісі Құдабаева Гүлбану Сағымбайқызы тамылжыта орындады. Әйгілі сері Ақан Қорамсаұлының «Балқадиша» әнін 8«В» сынып оқушысы Жайдарбек Балнұр, «Анашым» әнін 12 «Н» сынып оқушысы Елеусинов Райымбек,«Жаса, Қазақстан!» әнін 12 «Е» сынып оқушылары Жексенова Данагүл мен Амандықова Мөлдір, «Құстар» әнін жатақхана тәрбиешісі Жанар Исламқызы,«Сәлем саған, туған ел!» әнін 12 «F» сыныбының оқушысы Ғалымжанова Арайлым орындап, елдігімізді, мемлекеттілігімізді, азаматтық рухты танытып, туған жерге деген қимастық сезімдерді шынайы жеткізіп, көрермен ықласына бөленді. Имангалиева Раушанның анасы Құсайынова Алия Хамзақызы Ықыластың «Жезкиік» күйін қобызда орындаған кезде Қорқыт атамыз бір сәт бізге жақындағандай сезімде болдық. Қолөнер жұмыстарын көрсетуде балаларына қолдау көрсетуші ата-аналар 9 «D» сынып оқушысы Сағиева Мадинаның анасы жатақхана ата-аналары кеңесінің төрайымы Мусина Гүлжан Ғалиқызы мен Саматов Алдиярдың әжесі Қазиханова Гүлайым Набидоллақызы және өнерлі оқушылар сахна төрінде өздері жасаған бұйымдардың жасалу жолдары, қолданған материалдарымен таныстырды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасының кезекті жұмысы ретінде сән үлгісін оқушылар сүйікті кейіпкерлернің бейнесінде көрсетуі көрермендерді таңқалдырғаны анық.1-топ «Дюмовочка», 2-топ «Ақбілек»,3-топ «Пиковая дама», 4-топ «Алиса в стране чудес»,5-топ «Қыз Жібек», 6-топ «Ақан сері» шығармаларынан кейіпкерлерді сомдады. Әсіресе қолдан тігілген киім үлгілері оқушылардың көп ізденгенін байқатты.«Қазақтың100 әні» ішінен алынған сүйікті әндерімізді вальс алаңында бишілеріміз мәнерлі орындай білді. «Қадірлі ұстаздар мен ата-аналар! Осындай тамаша кеште бізбен бірге болғандарыңыз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің үміттеріңізді ақтап, үздік білім алуға, қоғамға пайдалы қызмет етуге және әрдайым жоғары мәдениет иесі болуға ұмтыламыз!
|
Біздер, Елбасы мектебінің оқушылары өз Президентімізді мақтан етеміз! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бойындағы бар асыл қасиеттерін өзімізге үлгі тұтамыз. Еліміздің тәуелсіздігі, Елбасы мектебінде оқып, білім алу, бойымызға асыл құндылықтар мен керемет дағдыларды сіңіру, қадірлі Айдарбек Төлепұлы, қадірлі ұстаздарымыз бен тәрбиешілеріміз, өздеріңіздей жаңашыл ұстаздардан кемел білім алып, жан-жақты тұлға болып қалыптасу – уақыттың бізге тартқан сыйы деп білеміз. Біз Елбасымен мақтанамыз! Жасасын Елбасы! Жасасын Елбасы мектебі! Жасасын Қазақ елі!» – деп аяқтады өз сөзін жүргізуші Айшабибі.«Әрбір ата-ана жырақта жүрген баласы үшін алаңдайды. Амандығын ойлап, болашағына үлкен үміт артады. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап мектеп жатақханасынан орын алған оқушылардың өздері де, ата-аналары – біздер де балаларымыз үшін есепсіз еңбек етіп отырған қадірлі Айдарбек Төлепұлы, сіз бастаған мектеп ұжымына, Гүлнар Наженқызы бастаған барша жатақхана қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Балаларымыз мектеп жатақханасын «екінші үйіміз» дейді. Балаларымызды өнерге баулып, олардың бос уақытын пайдалы өткізуін қамтамасыз ететін жатақхана тәрбиешілерінің үйірме жұмыстарын ұйымдастыруы ата-аналардың да көңілінен шығуда», - дей келе, кешті жүргізуші Гүлсім Қайроллақызы өз перзентінің Назарбаев Зияткерлік мектебінен білім мен тәрбиені қатар ұштастыра жүріп тәлім алуы өз алдына қуаныш болса, мерекелі кеш тізгінін қолға алып, қасиетті шаңырақ төрінде мектеп ұжымымен бірге оқушыларға құндылықтарымызды дәріптеп, эстетикалық тәрбие беру, Отанға, елге, Елбасымызға деген сүйіспеншілік сезімін сіңіру жолында өз үлесін қоса алғаны үшін шексіз ризашылығын білдірді. Кеш Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін орындаумен мәресіне жетті. Мектеп директоры Айтпукешев Айдарбек Төлепұлы сөз алып, бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға, қатынасқан ата-аналар мен олардың балаларына ризашылық сезімін білдіріп, ұрпақ тәрбиесін ортақ іс деп түсіне отырып, шараның өткізілуіне өз үлестерін қосқан ата-аналарды Алғыс хатпен марапаттады. Жоғары мәдениетке талпынуға жол ашатын, оқушылардың салихалы азамат болып қалыптастасуына мүмкіндік беретін осындай кештің өтуі ата-аналар мен жатақхана қызметкерлерінің, тәрбиеленушілердің ынтымақтастығын нығайтып, бір-бірінің тамаша өнерлерін бағалап насихаттауға бағытталды. Кеш барша оқушыларға – жалпы барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Демек, кеш өз мақсатына жетті.
Отан, ана, туған ел, туған жер туралы терең ойға толы жыр жауһарларын жүректен жүрекке жеткізе білген оқушыларымыздың барлығына шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңдер де қазақи құндылықтарымызды бағалап, әлемге таныта білесіздер деп сенеміз. Балаларының жатақхананы екінші үйіміз деп аса сүйіспеншілікпен айтуының тағы бір дәлеліне куә болған кешке қатысушы ата-аналар жүйелі жұмысты жолға қойып, бала тәрбиесіне аса жаупкершілік танытып отырған ұжымға, мектеп басшысына деген шексіз ризашылықтарын білдірді. Құрметті ата-аналар! Бүгінгі күн балалар үшін ғана емес, біздер, мектеп ұжымы, жатақхана қызметкерлері үшін де өте табысты күн деп есептейміз. Себебі оқушы бойына асыл құндылықтарымызды сіңірумен қатар, оларға тамаша, көтеріңкі көңіл күй сыйлай алдық.Ынтымағымыз жараса берсін! Әрқайсыңыздың отбасыңызға амандық, береке-бақыт тілейміз! Балаларымыз алдына қойған мақсаттарына жетсін! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!
|