"Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап" жобасы аясындағы шаралар
Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі
Осындай тақырыппен 30.10-04.11.2015 аралығында Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана тәрбиешілері мен мектеп кітапханашылары оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту, «Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған 100 кітап жобасын» насихаттау және оларды есте сақтауға арналған семинар тренингтер өткізді.
Алдымен, қазан айының 27 күні кітапханашылар жатақхана тәрбиешілерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында семинар-тренинг өткізіп, кітапхана жұмысының барысымен таныстырды. Электронды ресурстарды пайдалану нұсқауларымен таныстырып, Т. Бьюзен әдісі бойынша Интеллект карта құрастыру және «Белгіленген поэзия», Bookbingo ойындары арқылы оқушылардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру жолдарын ізденді.

Жатақхана оқушыларына арналған тренингтер кестеде көрсетілгендей сыныптар арасында түрлі тренингтер ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды.
Тренингтің алғашқы күнінде жатақханаға биылғы оқу жылында орналасқан оқушылар "100 кітап" жобасы аясында осыған дейінгі атқарылған жұмыстармен, оқушылардың сахналық қойылымдарынан келтірілген үзінділер, суреттер галереясы арқылы таныстырылды. Тренинг барысында оқушыларға 100 кітап жобасын таныстырумен қатар оларды оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін ойындар ойнатылды. Атап айтсақ, «Бар мәселе қалпақта», сурет бейнелеу – 100 кітап тізімі бойынша кітап атынан сурет салу, белгіленген поэзия – көне кітаптардан қызықты сөйлем құрау, bookbingo, ойлан тап, графикалық органайзер және т.б. |
Семинарда «100 кітап» жобасы аясында тізімге енгізілген кітаптарды еске сақтау мақсатында ұяшықтарды толтыру ойыны, мәтін мазмұнын оқу арқылы қажетті сөздерді тауып сөйлем құрастыру, тақырыптық интеллект карта толтыру ойыны ойналды. Тренинг қызықты өтті. Қатысушылар берілген тапсырманы орындауда ой-өрістерінің жоғары деңгейде екендіктерін көрсетіп,ашық ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазанның 30 жұлдызында 7-сынып оқушыларымен Bookbingo, Ойлан, тап, Графикалық органайзер тренингтері өткізілді. Бұл ойынның мақсаты 100 кітап жобасының тізімдерін есте сақтау мақсатымен ойналатын ойын түрі. Оқушылар белсене ат салысып қатысты. Қараша айының 2 жұлдызы күні 8-9 сынып аралығында 100 кітап жобасынан алынған «Три мушкетер» және Дж. Остен «Гордость и предубеждение» шығармасында бейнеленген қалпақтарды (шляпа) оқушылар жасады. Сондай-ақ «Белгіленген поэзия» ойыны арқылы оқушылар ескі кітаптардан жаңа сөйлем құрады.
04.11.2015 күні 10-12 сыныптармен Т. Бьюзен әдісі бойынша интеллект карта құрастырылды. Оқушыларға интеллект картаны қалай және қандай мақсатпен және қай жерде қолдану керектігі жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар, 100 кітап жобасы бойынша автор аттарын жаксы білу мақсатымен әлем картасы ойнатылды. Картаға оқушылар әр шығарманың авторы қай мемлекеттен шыққандығын стикерлер арқылы көрсетті. Тренинг оқушылардың көңілінен шықты.

Тренингтердің қызықты сәттері
2014-2015 оқу жылында "Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап" жобасы аясында атқарылған шаралар
"Кітап - алтын қазына" Оқушы бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана тәрбиешілері де үздіксіз еңбектенеді. Тәрбиеші педагогтар "Дарынды бала" қауымдастығының тренингтеріне үзбей араласып, тәжірибе алмасуға, жаңа әдіс-тәсілдерді оқушылармен жүргізілетін іс-шараларда қолдануға жұмыстанады. Жатақхана оқушылары арасында 16-23 сәуір аралығында өтетін "Кітап - алтын қазына" байқауына барлық кітап сүйер қауымды шақырамыз. Толық ақпаратты мектеп жатақханасынан ала аласыздар.
Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» |
Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана оқушылары арасында «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында 15 сәуір күні «Зерде» тобының оқушылары Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша мектеп кітапханасында тәрбие шарасын өткізді. Кітап оқу – адам бойына тек рухани азық болып қана қоймайды. Ұлы қаламгерлерімізден жәдігер боп қалған шығармалар, алдымен, ана тіліміздің, ұлттық құндылықтарымыздың сақталуына себепші қазынамыз деп түсінген оқушылар кештің шымылдығын жүректен шыққан өлең жолдарымен бастады.
|
«Ақбілектің азапты жолы» деген тақырыппен роман желісі бойынша үзіндіден көрініс көрсеткен оқушылар топтық жұмыс барысында романнан аргументтер келтіре отырып, шығарма кейіпкерлері туралы пікірлерін ортаға салып, түрлі қасіретке жолығып, бақытсыздыққа душар болып жүрген заманымыздың кейбір жастары Ақбілектен қандай өнеге алса болады деген сұрақ төңірегінде ойларын өрбітті. Шығарма мен шығарма авторы туралы мектеп оқушыларымен сұрақ-жауап жүргізген бейнебаянын көрсетіп, ойталқыға ұластырды.
Өткен оқу жылында оқушылар өз беттерінше оқыған шығармалары бойынша түйген ойларын, құнды пікірлерін өлең, эссе жазу арқылы білдірсе, бұл оқу жылында оқушылар таңдаған шығармаларын топ болып бірлесе оқып, бірге талдап, қорытындысын достарының алдына алып шығып, шығарма желісімен, жеткен нәтижелерімен таныстырды және бұл әдістің өздеріне ұнағандықтарын баяндады.
Соымен қатар осы тәрбие шарасына орай кітапхана қызметкерлері көрме ұйымдастырып, оқушыларға әдеби шығармалар бойынша ақпарат берді.

Қасым Қайсенов. «Жау тылындағы бала»
16.04.2015 ж.
100 кітап аясында өтіп жатқан «Кітап – алтын қазына» апталығы өз жалғасын табуда. «Жұлдыз» тобы «Ата даңқы – ұрпаққа мұра» тақырыбымен Халық Қаһарманы , партизан -жазушы Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі бойынша тәрбие-шарасын өткізді. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының халқымызға қанша зардап шеккізіп, Ұлы Жеңістің оңайшылықпен келмегенін, сонау шым-шытырық заманның өзінде бір үзім нанды бөле жеп, жан жылулығы мен адами құндылықтарды пір тұтқан отбасыларының қай кезде де үлгі болатынын жеткізе білген топ оқушылары сахна төрінде майданға аттанған әке мен баласы үшін жанұшырған ана рөлін, әкесімен қайта табысқан бала бақытын үздік сомдады. Көзімізге жас алып, бір сәт осы бейбіт те бақытты өмірімізге қанша шүкіршілік етсек те артық болмайтынын, өмірдің болмашы сындарына сағымыз сынбай, төзімді болу керектігін ескердік. Оқушылардың оқиға желісіне арнап салған суреттері де көзтойдырарлықтай. Апталық соңында оқушылардың еңбектерін жинап электронды кітаптарға иллюстрация ретінде ұсынуды жөн көрдік. Оқушылардың үлкен жауапкершілігі мен ынтымақтастығы, сүйкімді қылықтарына қарап отырып көңілің тоят табады. Отанға, қасиетті халқымызға деген ыстық ықыластарыңыз арта берсін, қадірлі шәкірттер! |
Шығарма желісі бойынша оқушылардың салған суреттері
|
Шыңғыс Айтматов. «Ғасырдан да ұзақ күн»
17.04.2015 ж.
Бүгін «Шаттық» тобының оқушылары Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасы бойынша сахнада Найман ана образын сомдады. Найман ана монологын нақышына келтіре орындаған 11-сынып оқушысы Қабидоллаева Гүлдана достарының шексіз ықласына бөленді. Көрініс соңында оқушылар Найман ана бойындағы ана махаббаты мен күллі аналарға тән асыл қасиеттер туралы әңгімеледі. Өз ата-аналарымыздың бойындағы күнделікті мән бере бермейтін реніш, қуаныш, толқыныстары мен биік армандарын қаншалықты аңғарып, бағалаймыз?.. |
Бердібек Соқпақбаев. «Мнің атым Қожа»
20.04.2015 ж.
«Мнің атым Қожа» - 1957 жылы жазылған балалар әдебиетінің озық туындысы. Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың бұл шығармасын оқымаған адам кем де кем шығар. «Мнің атым Қожа» шығармасының мазмұны біздің нұсқада» деп қойылымдарын бастаған «Бірлік» тобының оқушылары көрермендірінің ықласын тез-ақ баурап алды. Басты кейіпкерлердің рөлдері: Қожаны – Бектілеу Әлішер, Сұлтанды - Амандықов Берекет, Жанарды - Өтеген Фатима сомдады. Сонымен қатар Әлкеева Камшат пен Баймағанбет Қарлығаш шығарма авторы туралы мәлімет беріп, кейіпкерлер туралы өз көзқарастарын білдірді. Сагиева Мадина мен Сырым Сағадат шығарма желісінде салынған суреттермен таныстырды. Оқушылардың қойылымы түпнұсқадан ауытқымағанмен, көріністің қорытындысы туған жердің, байтақ еліміздің қадір-қасиетін қастерлеуге шақырды. Ең маңыздысы –оқушылар сахна төрінде жауапкершілікпен, көрермендерін сендіре ойнауға тырысса, қалған оқушылар үшін қызықты демалыс сәті болды. |
В. А. Закруткин. «Матерь человеческая»
21.04.2015 ж.
Виталий Александрович Закруткиннің «Матерь человеческая» шығармасы бойынша сахналық қойылым қойған «Нұр» тобының шығармашылық тобына жатақхана оқушыларының ризашылығы шексіз болды. Сұрапыл соғыс кезінде де «Ана» деген бір сөздің қайғыдан көкірегі қарс айрылған ана жүрегін қалай тебіренткенін тамашалаған оқушылар, күллі адамзат анасы алдында тағы бір бас иіп, бүгінгі қойылымнан тамаша әсер алғандықтарын жеткізді. Оқушылардың шығарма желісіне арнап салған суреттері де достарының көңілінен шықты. Ал осыған дейін де бірнеше қойылымға қатысып, өздерінің көзайымына айналған Арсен Ренатұлына достары шексіз ықыластарын білдірді. |
Шығарма желісі бойынша оқушылар шығармашылығы
Уильям Шекспир. «Ромео мен Джульетта»
22.04.2015 ж.
«Шуақ» тобының Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» шығармасы бойынша қойған сахналық қойылымы көрермендерінің көңілінен шықты. Ағылшын тілінде мүдірмей сөйлеп, кейіпкерлер бейнесін, олардың жан дүниесін көркем жеткізе білген оқушыларымыз тағы бір қырынан өздерін таныта білді. Әр қойылым соңында алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін жеткізіп отыруды дағдыға айналдырған достары шығарма желісімен ғана танысып қоймай, әсем көңіл күй сыйлаған «Шуақ» тобының оқушыларына алғыстарын білдірді |
«Кітап – алтын қазына» апталығының қорытындысы
23.04.2015 ж.
Атырау қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасының оқушылары «Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларына ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында өткізілген «Кітап – алтын қазына» апталығының қорытындысын шығарды. Алты топқа бөлінген оқушылар тапсырманы өз қалаулары бойынша таңдады. Олардың бірі тәрбие шарасын рэп жанрында, бірі – шағын эссе жазу арқылы, бірі – талдау жүргізе отырып алған әсерлерімен, есте қалған ерекше сәттерімен, жаңа ұсыныстарымен бөлісті.
Жақсы өнер көрсеткен топтар мен кейіпкер бейнесін үздік сомдай білген оқушылар түрлі номинациялармен марапатталды. Жоба барысында таңдаған шығармалары бойынша салған суреттеріне сурет өнерінің мұғалімдері қазылық жасап, үздік шығармалары үшін жас суретшілеріміз жоғары бағаға ие болды. Балалардың сурет салу өнеріне сүйіспеншіліктерін аңғарған ұстаздары алдағы уақытта өнерлерін шыңдай түсу үшін қосымша сабақтар ұйымдастыруға қуана келісетіндіктерін білдірді.
Тәрбие шарасын оқушылар тосыннан туған жаңа өлең жолдарымен қорытындылады.

"100 кітап" жобасы аясында өткізілген "Кітап -алтын қазына" атты тәрбие шарасының қорытындысында кітап сүйер шәкірттеріміз сын тұрығысынан баға берді.
Өлеңмен өрілген ой
СЕНІМГЕ ИЕ, ЕЛІМ ДЕП ЕМІРЕНЕР ЖАСТАРЫ БАР Рухы биік, қадамы айқын болашаққа. Жерің – мынау жаһанға хақ танытар. Көркей елім! Көкке өрле! Тербетіл мәңгі патриоттар құшағында. Жарқын өмір бастау алып бүгіннен, Білім, өнер бәйгесінде тоғыстық. Болашақта ел сенімін сақтайтын Біздер, мына біздер екенімізді ұғыстық! Ризамыз біз мынау жарқын өмірге, Ризамыз біз барлық мүмкіндіктерге. Тек қана алғыс Зияткерлік мектепке! Алғысымыз шексіз мына сіздерге! «Шаттық» тобының тәрбиеленушісі Идаят Нұрсәуле. |
Қысқа да нұсқа
«Тәрбие шарасы не берді?» сауалына қортынды. 1.Көптеген шығармалармен таныстық. 2.Патриотизм - «Менің атым-Қожа». 3.Ұйымшылдық- барлық топқа тән қасиет. 4.Анаға деген сүйіспеншілік-«Матерь человеческая», «Ғасырдан да ұзақ күн» 5.Барлық қойылымда терең мағына. 6.Достарымызды жаңа қырынан таныдық. 7.Соғыстың қасіретін сезіндік – «Жау тылындағы бала». 8.Адал махаббат – «Ромео мен Джульетта». 9.Қазақ қызының өмірі – «Ақбілек». 10.Бүгінгі қоғаммен байланыс, өзіндік үндеуін айтты. 11.Көңік күй сыйлады. 12.Рухани азық алдық. 13.Жаңа кейіпкерлермен таныстық. |
«Сыншылар» тобы
“Жүз кітап” жобасы аясында жатақхана оқушылары сахналық көрініс қойды. 1-топ оқушылары Ш. Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” романы бойынша көрініс қойған. Бұл көріністің жоғарғы деңгейде өткені сонша Қабидоллаева Гүлдананың ойнауындағы “Ана” рөлі жүректі елжіретті. 2-топ оқушылары Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” атты романынан үзінді қойды. Ақбілектің өмірдегі қиыншылықтары өте ерекше көрсетілген. Киімдері, иллюстрациялары, безендіруі, актерлік шеберлігі жоғарғы деңгейде болғанымен, көрініс шағын болды. 3-топ оқушылары В.Закруткиннің “Матерь человеческая” туындысы бойынша көрініс қойды. Иллюстрациялары бейнебаян ретінде көрсетілген, Лаура “Мария” рөлін өте әсерлі етіп, рөлге барынша беріліп ойнады. Кемшілігі болған жоқ деуге болар еді, бірақ кейіпкерлердің дауыстары естілмей жатты. 4-топ оқушылары Б.Соқпақбаевтың “Менің атым – Қожа ” повесті бойынша өз нұсқаларында көрініс қойды. Бұл көрініс көрерменге күлкі сыйлап қана қоймай, патриоттық сезімді оятты. Біз, 5-інші топ оқушылары Қ. Қайсеновтың “Жау тылындағы бала” атты шығармаға көрініс қойдық. Өзімізге баға беруге болмас, сондықтан бағасын сіздер берерсіздер! 6-топ У. Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” атты әлемдік тұрғыдан мойындалған туындысына көрініс қойды. Әртістер өз рөлдерін жақсы ойнап, махаббаттың үздік үлгісін көрсетті. Әсіресе оқушылардың ағылшын тілінде сайрап тұрғандары, сезімге беріле нағыз әртістердей ойнағандары керемет шықты. Бірақ олар көріністің екінші бөлімінде өз нұсқамыз деп “Жайдарман” сайысындағы Қорқыт құрамасының көрінісін қолданды. Біздің ойымызша екінші нұсқасын көрсету керек емес еді. Қорытынды айтсақ «Сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші біздің ескертпелерімізді дұрыс қабылдаңыздар! Біз барынша әділ болуға тырыстық 5-топ оқушылары |
Рэп стилінде қорытындылау
Сәлем, достар! Көңілді әрі байсалды, 100 кітап толқынында Жастар өнері байқалды. 6 топтың да өнерлерін Тамашалап үлгердік, Әр баланың өнеріне Керемет баға бердік. Атап өтер болсақ: «Жау тылындағы бала», «Ақбілек», «Матерь человеческая», «Менің атым Қожа», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Ромео мен Джулетта». Өнерлі жатақхана жастары Сіздердің алдарыңызда. «Шуақ» тобы Келешекте бұл шараға қандай қандай өзгерістер енгізуге болады? - Электрондық кітаптар құрастыру - Қазақ тілінде ғылыми кітаптардың көбеюіне үлес қосу - Шығармаларды экранизациялау (Ұлы «Абай жолы» сияқты құндылықтарымызды жоғары сапада керемет фильм етіп шығаруымыз керек, т.б.) - Ғаламторға қазақ тілінде көп мағлұматтар салу - Өзіміздің кітабымызды жарыққа шығару - Кітапты модерн түрінде енгізу ( байқау өткізу) - Қазақтың тарихында із қалдырған тұлғалар ( кино) - Мүмкіндігі шектеулі балаларға мультфильм шығару , қуыршақ театрын ұйымдастыру «Зерде» тобы |
Тәрбие шарасының нәтижесі бойынша шағын эссе
Адам өмірінің бірден-бір маңызды бөлігі – кітап. Расында, кітап адам өмірінің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Осы орайда жатақханада «100 кітап» бағдарламасы өткізілген болатын. Өзіне тәрбие тағылым, өнерін ұштау, кітаптың маңыздылығын балаға жеткізу мақсатын ұстанған осы жоба көптеген оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, ал біздің достарымыз өз өнерлерімен танылып жатты. Осы жоба аясында, тек қана қазақ әдебиетімен ғана емес, сонымен қатар, әлем әдебиетімен де танысуға мүмкіндік алдық. Әр түрлі әдебиеттермен таныса отыра, оқушылардың ойлау түйінін, өнерін, жан-жақты қырларынан тани отырып, көрсетілген көріністер үлкен тәрбиелік мағынаны айқындай алды. Солардың ішінде, ерекше есте қаларлықтай болғаны – соғыс уақыттарының оңай болмағандығы, халықтың қаншалықты қиындықтарды бастан кешкендігі, отбасыға деген, сонымен қатар, Асан Қайғы айтқандай, жерұйықты іздеп жер кезіп жүргенде, өміріміздің қуанышы да, қиындығы да қатар өткен Туған жерге жететін жерұйықтың жоқтығы, яғни туған жерге деген махаббат сезімдері арқылы тәрбиелік мәндерді айқышына келтіре бейнелей білді. «Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін»,- деп айтылғандай, кітап оқуға мүлде жалықпау қажет. Негізінен, әр адам баласы өмірінің соңына дейін оқып, әр уақыт өзін-өзі рухани тұрғыда, өзге тұстарда дамыту үстінде болу керек деседі. Осылайша дамуыңызға, ой-өрісіңіздің кеңеюіне бірден-бір себепші кітапты еш уақытта қолыңыздан тастамаңыз. "Бірлік" тобы |