24 мамыр күні Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасының тәрбиеленушілеріне арналған «Шаттықтың мекені шақырады!» атты ойын-сауық кеші болып өтті.
|
Кеш
мектептің спорт алаңында өткізілді. Оның себебі оқушылар өздерін бір сәт
табиғат аясына демалысқа шыққандай сезінуіне ықпал ету еді.
Күні кеше ғана қасиетті оқу орнының табалдырығын қобалжи аттаған шәкірттерді жатақхана қызметкерлері ақ тілектерімен қарсы алған. Алғашында ата-аналарынан жырақ кетіп, көбіне телефонға таңылған оқушылардың ендігіде әр демалыстан соң екінші үйлеріне айналған жатақханаға қалай асығатындықтарын олардың осы кешке арнап жазған өлең жолдарынан аңғару қиын болған жоқ. Әр топтың тәрбиеленушілері кіші қызметкерлерден бастап мектеп басшысына дейін арнаған ақ тілектері мен ризашылықтарын өлеңмен тарқатты. Оқушылардың КВН командасы тамаша әзілдерімен кештің көзайымына айналды. Балалар топтасып ән салып, би билеп, қимас сезімдерін білдірді.
Оқу жылының басында жатақханада «Шыңдалу» атты жоба қолға алынған болатын. Жобаның мақсаты оқушыларды көркем әдебиетті сүюге ынталандыру болды. Оқушылар сүйікті шығармалары бойынша жазған пікірлері мен өлеңдерін, мерекелік арнауларын жатақхана тәрбиеленушілерінің шығармашылық ұйымының «Жас қыран» газетіне шығарып жүрді. Осы кеште ең үздік шығарма авторларының аты аталып, марапатталды. Сонымен қатар әрбір шәкірттің жыл бойғы түрлі тәрбие шараларында, жалпы жатақхана өмірінде ерекшеленген қасиеттері бойынша есімдері аталып, мақтаулар айтылды. «Өнерлі оқушы», «Жас ақын», «Үздік мақала иегері», «Ең зерделі оқушы», «Креативті оқушы», «Үздік ұйымдастырушы», «Полиглот», «Ұшқыр ойлы оқушы», «Жаңа технология шебері», «Жас сатирик», «Ешкімге ұқсамайтын тұлға» тағы басқа да номинациялар бойынша оқушылар марапатталып, достары мен ұстаздарының мақтанышына айналды.
...Ең алғашқы келгенде біз
Үйренісе алмадық.
Танысудың орнына,
Телефонды таңдадық.
Уақыт өтті, өзгердік біз,
Отбасына айналдық.
Біреу апа, біреуге аға,
Біреуге іні атандық.
Айта берсек тамаша көп,
Бір жыл бойы өткерген.
Міне, біздер аттадық
Осы жылғы өткелден.
Үлкен алғыс айтамыз,
Екінші ана сіздерге.
Күн-түн демей, ерінбей
Тәлім берген біздерге, -
деп жатақхана тәрбиеленушілері ішкі сырларын ақтарды.
Оқушыларды әлі де алдағы уақытта жазғы мектептің тамаша бағдарламасы күтіп тұр. Дегенмен де бұл кештің дер кезінде өткізіліп, оқушылар көңілінен шыққаны сөзсіз. Өйткені жатақхана – оқушылар үшін уақытша мекен ғана емес, құрмет пен қуанышқа толы шаттықтың мекені.
Тамаша кеш оқушыларға арналған дискотекамен аяқталды.